Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда өгей әкесі өлімші етіп сабаған 2 жасар бала көз жұмды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2019 16:26 Хабар 24
Полициядағылар баланың қайтыс болғанын растады.

3 қазанда таңертең өгей әкесі өлімші етіп сабап, ауруханаға түскен 2 жасар баланың қайтыс болғаны белгілі болды. Осыған қатысты Алматы полициясы түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полициядағылар баланың қайтыс болғанын растады. Баланы ұру фактісі тіркеле салысымен, күдікті дереу ұсталып, қамауға алынған. Ол өз қолымен істегенін мойындады. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 1-бөлігі, яғни "Қасақана адам денсаулығына ауыр зиян келтіру" бабы бойынша тергеу басталған.

- Қазіргі уақытта қаралып жатқан қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына, яғни "Адам өлтіру" бабына алмастырылып, полиция департаментінің тергеу басқармасына тапсырылды. Бұл жантүршігерлік қылмыс 23 қыркүйекте болған. Полицияға суыт хабар сағат 16:00 шамасында түсті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады Алматы полиция департаментіндегілер.

Ер адам баланы сабаған кезде әйелі жұмыста болғанын айтқан. Ол полициядағыларға бала жылай берген соң қатты ашуға беріліп, не істеп, не қойғанын білмей қалғанын айтқан. Ол алдында осыған дейін ұрлық және тонау сынды бұзақылық фактісімен полицияға түскен болып шықты.

Ал дәрігерлер ауруханаға түскен баланың сау-тамтығы жоқ, хал-күйі адам төзгісіз жағдайда екенін нақтылаған еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: