ШҚО тұрғыны қарызын қайтару үшін ақшаны қолдан жасап берді
meshok.net
Қарыз беруші 500 теңгелік банкноттардың жалған екенін байқамаған.
Шемонаиха тұрғыны барлығы бірдей нөмірлі номиналы 500 теңгелік 11 жалған банкнот жасады, деп хабарлайды Zakon.kz Устинка LIVE-ке сілтеме жасап.
Қайтқан қарызын қалтасына салған "кредитор" алаяқтықты байқамай, дүкенде сауда жасап, жалған ақшаны айналымға енгізіп жіберген. Кейінірек бұл ақшаның "біртүрлі" екенін байқаған сатушы полицияға арыз жазды. Бірақ ол полицияға жеті банкнот тапсырды, қолына негізі 10 жалған купюра түскен екен. Соған қарағанда, қалған ақша тұрғындарға тарап, қолдан қолға өтіп жүрген сияқты.
Жалған ақшаның авторы ресми банкноттарды қолдан жасағаны үшін екі жылға сотталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript