ШҚО полицейі зейнеткерге жоғалған әмиянын тауып берді

ШҚО полицейі зейнеткерге жоғалған әмиянын тауып берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2024 13:21 Сурет: pixabay
Зейнеткер әмиянының жоғалғанын бірден байқамаған. Полиция қызметкері Қуаныш Мәулетханов патрульдеу маршруты бағытында жүргенде еденде жатқан әмиянды көрген.

Айналасына қарап, ол біреудің оны жолда түсіріп алғанын түсінген.

Әмиянды тексерген тәртіп сақшысы қолма-қол ақша мен құжаттарды қарап, оның иесін анықтады.

77 жастағы Зоя Васильевна әмиянын жоғалтып алғанын бірден байқамаған және полиция қызметкерлері оның үйінің есігін қаққанда таң қалды.

Сол күні зейнеткер емханаға барған екен.

Содан қайтар жолда абайсызда түсіріп алғанын айтып берді. Қуанған әжей полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, оларға жақсы қызмет пен амандық тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: