Нұр-Сұлтанда бір еркек әйелін далаға апарып, өртеп жіберді

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2019 18:50 pxhere.com
Отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін далаға тастап, бензин құйып, өртеп жіберген.

Нұр-Сұлтанда бір кісі өз әйелін өртеп жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Қоғамдық көлік аялдамасында (Арнайы ХҚКО жақта) денесінде күйік белгілері бар әйел жатыр деген хабар түсті. Әйел ауруханаға жеткізілді, - делінген ПД хабарламасында.

Осы факті бойынша күдікті, әйелдің 43 жастағы күйеуі ұсталды.

Отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін далаға тастап, бензин құйып, өртеп жіберген. Кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат өз ісін мойындады. Ол қазір Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: