Жаңалықтар тізбегі
0

Тараздағы жантүршігерлік қайғылы оқиға: "Алдымен әйеліне, одан соң үйіне от қойған"

Өрт, Тараз, ер адам, суицид, әйелін өлтірген, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2024 22:27 Сурет: pixabay
Таразда отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелінің үстіне жанар-жағармай құйып өртеп жіберген. Денесін түгел күйік шалған - алты баланың анасы ауруханаға түсіп жансақтау бөлімінде таңға қарай жан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдің денесінің 98 пайызын күйік шалыпты. Отбасының ойранын шығарған жан түршігерлік жағдай кеше, 30 шілдеде түнгі 11-лер шамасында қаладағы жер үйлердің бірінде болған. Баспанасы да отқа оранған. Үйде балалары болыпты. Күйеуі де қайтыс болды. Оның денесін үйдің маңынан тапқан. Ал, ата-анасы мен баспанасынан айрылған балалардың ең кішісі -  үште, үлкені - 22 жаста, деп хабарлайды Astana.tv.

"Денесін күйік шалған әйел ауруханада қайтыс болды. Күдікті оқиға орнынан жақын маңнан өлі күйінде табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол өз өзіне қол жұмсаған. Аталған деректерге қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды. Жамбыл облысы ПД ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева

Бұған дейін Таразда ер адам жанжал кезінде жұбайын өлтіріп, содан кейін үйін өртеп жібергені, ақырында ол өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланған. Күдіктінің өзі таяуда түрмеден босап шыққаны белгілі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: