Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда қытайтанушы ғалым ауыр айыппен 10 жылға сотталды

facebook/ceasia.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2019 22:39 facebook/ceasia.ru
Қалалық сот бұл үкімге қатысты ешқандай ақпарат бере алмайтындарын айтты, өйткені бұл іс "құпия" деген белгімен таңбаланған.

Қазақстанда белгілі қытайтанушы-саясаттанушы ғалым Константин Сыроежкин 10 жылға сотталды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- 2019 жылдың ақпан айында белгілі қытайтанушы, Қазіргі Қытай саясаты бойынша маман Константин Сыроежкин тұтқындалған. Оған Отанына опасыздық жасады деп айып тағылды. Сот процесі жабық өтті. Константин Львовичке 10 жылға бас бостандығынан айыру, жазасын арнайы қатаң режимдегі түрмеде өткізу, одан соң азаматтығынан айыру жазасы кесілгені белгілі болды, - деп жазды Ғалым Ақелеуов өз парақшасында.

Ол сотталушы өз кінәсін мойындамағанын, апелляциялық шағым беруден бас тартқанын да жазады.

"Өкінішке орай, осылай болды", - деп жазды бұл турасында саясаттанушы Андрей Чеботарев.

- Тергеу мен сот толықтай жабық түрде өткендіктен, бұған қатысты қазір объективті түрде бірнәрсе айту қиын, - деді ол.

Қалалық сот бұл үкімге қатысты ешқандай ақпарат бере алмайтындарын айтты, өйткені бұл іс "құпия" деген белгімен таңбаланған.

Айта кетсек, осы жылдың мамыр айында белгілі саясаттанушы, профессор Константин Сыроежкиннің ұсталғаны туралы ақпарат тараған.

- 2019 жылғы 15 қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 1956 жылы туылған Қазақстан Республикасының азаматы Константин Львович Сыроежкинге қатысты, ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы, 2-тармағы, яғни "Отанына опасыздық жасау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. 19 ақпанда Алматы қалалық тергеу сотының шешімімен оған тұтқындау шарасы белгіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады ҚР ҰҚК.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: