Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда 10 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2019 14:39 видеодан кадр
Істің ақ-қарасын анықтауға полиция кірісті.

Тағы да бала өлімі. Бұл жолы Ақтаудағы 10 сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Қайғылы оқиға кеше таңғы 4-тер шамасында болды. 14 жастағы бала 9 қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға көпқабатты тұрғын үйде болды. Оқушы отбасымен көрші үйге көшпестен бұрын осында тұрған екен. Түннің бір уақытында мұнда неге келіп, өз-өзіне қол жұмсағаны белгісіз. Ұстаздар тарапы оның үлгілі оқушы болғанын айтады. Жыл сайын мектеп психологтарымен өткізелетін "суицидке бейімділік" тестінен де сүрінбей өткен екен.

Гүлмира Өтегенова, Ақтау қаласы № 6 орта мектеп директоры:

- Бала жақсы, орнықты жанұяның баласы. Әке-шешесі жас адамдар. Баланың үлкені семьядағы. Мінезі кішкене жуастау болғанымен, бірақ ашық, және сөйлесуге, контактіге шығып отырған бала.

Істің ақ-қарасын анықтауға полиция кірісті. Олар баланы өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу фактісін де жоққа шығармайды.

Әйгерім Ибадуллаева, Маңғыстау облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелген. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Айта кетсек, оқу жылы басталғалы бері бірнеше оқушы өз-өзіне қол жұмсады. Жақында ғана Ақтөбе обылсында екі бала асылып қалған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: