Таразда көпқабатты үй өртенді
![ТЖК баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2019 22:23](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-e051f8ce-16b9-4b01-9deb-b94adca07c70/800x452.webp)
Үйдің тұрғындары эвакуацияланды.
Таразда көпқабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін, 16 қазанда болды. Сағат 15:30-да Тараздың "101" пультіне 2 ықшамаудандағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келді.
- Алғашқы өрт сөндіру тобы сағат 15:34-те жеткенде шамамен 100 шаршы метр аумақта шатыр өртеніп жатты. - деп хабарлады ТЖК.
Үйдің тұрғындары эвакуацияланды.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 46 адамы және төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіретін 9 техникасы жұмылдырылды.
Полиция қызметкерлері үй аймағын қоршап алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript