Полициейлер Қарағандыдағы "Лексус-570" көлігін әдейі аңдымаған болып шықты

sochinews.io, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2019 21:34 sochinews.io
"Лексус-570" автокөлігін полиция қызметкерлері дабыл белгісін қоспай аңдыды деп тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Лексус 570" автокөлігінің 49-жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне қызмет атқару барысында кедергі келтірген азаматтарға әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Zakon.kz Қарағанды облысы ПД баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік желілерде "Лексус 570", 5-көлікті соқты" деген ақпарат бойынша, ағымдағы жылдың 20-шы қазанында сағат 20:57 шамасында 102 телефонына Степной-4 ықшам ауданында "Ланд крузер" автокөлігінің жүргізушісі аулаға қойылған автокөліктерді соғып, оқиға орынында ұйықтап қалды деген ақпарат түсті.

Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен оқиға орынына жақын маңдағы патрульдік полиция полкінің жасақтарымен Оңт.стік-шығыс полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жіберілді.

Полиция қызметкерлерімен 49-жастағы "Лексус-570" автокөлігінің жүргізушісі ішімдік ішкен күйде үйдің ауласында тұрған 5-көлікті соққаны анықталды.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 25-жастағы азаматпен 29-жасар азаматша ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 2 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

"Лексус-570" автокөлігін полиция қызметкерлері дабыл белгісін қоспай аңдыды деп тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Айта кету керек, тек демалыс күндері патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген 13-жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: