Орал қаласы әкімінің отставкаға кеткені туралы ақпарат жоққа шығарылды

Миржан Сатқанов, Орал қаласының әкімі, отставка, фейк, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 14:28 Сурет: Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Миржан Сатқановтың қызметінен кеткені туралы желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орал қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Оспанның айтуынша, қала әкімі Миржан Сатқановтың өз еркімен отставкаға кеткені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және бұл негізсіз ақпарат.

Миржан Сатқановтың қала әкімі лауазымына тағайындалғанына екі жылдан астам уақыт болды. Бұған дейін ол Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: