Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұзда бір топ бала 3-сынып оқушысын сабап, тізерлетіп кешірім сұратқан

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2019 15:32 pixabay.com
3-сынып оқушысын қорлаған бір топ бала өз іс-әрекеттерін видеоға түсіріп алған.

Павлодар облысының Екібастұз қаласында өз мектебіндегі бұрымдыларды қызғанған жоғары сыныптың балалары 3-сынып оқушысын ұрып кеткен. Онымен қоймай, әрекеттерін видеоға түсіріп, жеткіншекті әлеуметтік желіге жүктейміз деп үркіткен. Қазір, әбден қорқып қалған бала бір жұмадан бері сабаққа бармай отыр. Ал, әлімжеттік көрген оқушының ата-анасы болса жергілікті білім басқармасы бұл жағдайды барынша жасырғысы келгенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.

Көрші мектептің 3-сыныбында оқитын баланы бірнеше 6-сынып оқушы ұстап алып, соққыға жыққан. Олар одан тізерлеп кешірім сұрауға мәжбүрлеген. Бұған мектептегі қыздарымызды ренжіттің деген айып желеу болған.

Видеода оқушы тізерлеп кешірім сұрайды.

Жеткіншектерден таяқ жеген бала қатты қорқып қалған. Бір апта бойына ол сабаққа бармаған. Ал зәбір көрген баланың анасы бұл оқиғаны Білім басқармасындағылар жылы жауып қойғысы келгенін айтады. Ол кісі баласына тиіскендердің ата-анасы осы күнге дейін кешірім сұрағанына қапалы.

Шолпан Әбетова, зардап шеккен оқушының анасы:

- Ең сорақысы, біздің қаламызда бізге көмектесетін адамның бір де біреуі болмауы. Балам қатты күйзеліске түсіп кетті. Міне, төртінші күн, далаға шығуға қорқады. Ұлымды жалғыз өзім өсірдім. Бұл жағдайға құзырлы органдардың назар аударғанын қалаймын.

Ата-ананың айтуынша, осы видеосы желіде пайда болған соң ғана білім басқармасындағылар әрекетке көшкен.

Білім басқармасындағылар бұл жағдаймен жақсы таныспыз дейді. Бұзақы балалардың ата-аналарымен түсінджіру жұмысы жүргізілген. Ал 6-сынып оқушылары оқитын мектеп директоры мен оның орынбасарларына сөгіс жарияланған. Алдағы уақытта қос тарапты татуластыру жұмысын жүргізбекші.

Жазира Хамзабаева – қалалық білім бөлімінің басшысы:

- Комиссия құрылып, ата-аналар ол арада өздерінің пікірін білдірді. Барлық бала өз әрекетінің қате екенін түсініп, оған өкініп отыр. Сондықтан олардың ата-анасы да кешірім сұрайды.

Жеткіншектердің осы бұзақылығы үшін №33 мектептің директоры, сынып жетекшісі және әлеуметтік ұстаз жазаға тартылған. Оқушылардың оқу үлгерімі жақсы болғанына қарамастан оларды қатаң режимдегі білім ордасына ауыстырып жіберуі де мүмкін екен. Онда да олар осы әрекет жылдың соңына дейін тағы бір мәрте қайталайтын болса.

Бибігүл Қамзина – облыстық ювенальды полицияның бас инспекторы:

- Қазіргі уақытта ата-аналарды ҚР Әкімшілік кодексінің 127-бабы, 3-бөлігі бойынша жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Мұндай жағдайда ата-ана 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Екібастұз қалалық білім басқармасының басшысының айтуынша, мұндай жағдай бұл өңірдебрінші рет болып тұр. "Онда да осы жылы", - дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: