Бір топ жасөспірім қарағандылық қызды сабап кеткен

Дети, буллинг, травля, задирание, жертва буллинга, школьный буллинг, издевательство, травля ребенка, травля детей, буллинг среди учеников, буллинг среди детей, буллинг среди подростков , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2026 17:45 Фото: pexels
Қарағанды қаласының тұрғыны өзінің қызын еш себепсіз ұрып-соғып, болып жатқан оқиғаны видеоға түсірген бір топ жасөспірімнің үстінен полицияға арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде Қарағанды тұрғынының видео үндеуі тарады, онда ол денесінде көгерген іздері бар өзінің кәмелетке толмаған қызын көрсетеді. Оның айтуынша, 2026 жылдың 16 ақпанында сағат 18.00 шамасында бір топ жасөспірім қызын ұрып-соққан.

"Менің кәмелетке толмаған қызымды бір топ жасөспірім сабап кетті. Ешқандай себепсіз, ештеңе, жанжал да болмаған. Бұл мақсатты түрде жасалған агрессия және балаға қатысты зорлық-зомбылық болып табылады. Оның үстіне қаскөйлер болып жатқан оқиғаны видеоға түсірген. Бұл факт олардың іс-әрекеттерінің саналы түрде жасалғанын және қорқыту-үркітудің демонстрациялық сипатын көрсетеді. Алайда, маған осы уақытқа дейін сол видео қолыма тимеді, осы себепті жүргізіліп жатқан тергеу шараларының толықтығы мен ашықтығына қатысты үлкен алаңдаушылық тууда", делінген хабарламада.

Әйел адам қазіргі уақытта қызы балалар ауруханасында емделіп жатқанын айтады. Оған ауыр физикалық зиян келтіріліп, сонымен қатар ауыр психологиялық соққы да жасалған.

"Бала қорқып, күйзеліске ұшырауда, ол медициналық және психологиялық көмекке мұқтаж. Бұл арада менде заңды сауал бар: мектеп әкімшілігі қайда қараған? Сонымен қатар, алғашқы тергеу шаралары тиісті деңгейде жүргізілмеген деп санаймын. Тергеудің объективтілігі мен толықтығына күмәнім бар", – дейді зардап шеккен қыздың анасы.

Қарағанды облысы ПД аталған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-қимыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

"Полиция қызметкерлері алты кәмелетке толмағанды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдіктілер жәбірленушіге қасақана бұзақылық ниетпен дене жарақатын салғаны алдын-ала анықталды. Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша жанжалдың кәмелетке толмаған бастамашылары – бозбала мен қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған қатысушылардың іс-әрекеттеріне тергеу амалдары шеңберінде құқықтық баға беріледі". Қарағанды облысы ПД

Сондай-ақ, полиция кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданғанын айтты.

"Оқиға Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінде қаралды. Тергеу аяқталғаннан кейін кінәлілерді арнайы білім беру ұйымына жіберу туралы шешім қабылданды. Кез келген осындай құқыққа қайшы әрекеттерге жол берілмейді және қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады". Қарағанды облысы ПД

Полиция департаменті ескертеді: жасөспірімдердің агрессиясы, іріткі салу және қорлау сынды бұзақылықтар түбегейлі және қатаң түрде тоқтатылады. Мұндай заңсыз әрекеттердің кез келген қатысушысы жауапқа тартусыз қалмайды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: