Көлігімен бірге жоғалып кеткен Екібастұз тұрғыны өлі табылды
insajderi.com
Оны іздеуге полициямен қатар ерікті адамдар да жұмылдырылды.
15 қазаннан бастап Екібастұзда 34 жастағы әйел іздестіріліп келген. Сегіз күннен кейін ол өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Екібастұз қаласының тұрғыны полицияға қызының жоғалғаны туралы хабарлады. Анасы бірнеше күн бұрын 34 жастағы Катерина Коковинаның өзінің Nissan Qashqai көлігіне мініп, үйден шыққаннан қайта оралмағанын айтты. Жоғалған адамды іздеуге жергілікті полиция бөлімі қызметкерлерімен бірге еріктілер де жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары әр пәтерге бас сұғып, сұрақ-жауап алды, сонымен қатар жақын маңдағы дүкендерді тексеріп, бақылау камераларын қарады, делінген хабарламада.
Полицейлер мен еріктілер жертөлелерді, құдықтарды, жазғы саябақты, үйлердің шатырларын, қиранды үйлерді, бос жерлерді тексерді.
- Жедел-іздестіру шаралары жүргізілген келесі күні жоғалған келіншектің көлігі табылды. 23 қазанда тәртіп сақшылары қылмыс жасады деген күдікпен жеке кәсіпкерлік нысанның жұмысшысы, 1992 жылғы Екібастұз қаласының тұрғынын ұстады. Жоғалған әйелдің денесі табылды, деп хабарлады ведомстводағылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript