Жаңалықтар тізбегі
0

Төлеп беремін! Елдің жағасын ұстатқан "көлік шаққыш" алматылық әйел сұқбат берді

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2019 17:20 facebook.com
"Егер, сен маған жарты сағаттың ішінде 1 миллион теңге әкелмесең, мына видео интернетке жүктеледі" деді», - дейді Махирам. Сайдуллаева өзінің кінәсін жоққа шығармайды және келтірілген залалды өтеуге дайын.

Өрт сөндіргіш құралмен біреудің көлігін шаққан алматылық әйел Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, сол күні не болғанын айтып берді. Жолдағы екі әйелдің жанжалы 21 қазан күні таңертең орын алған.

Сол күні Махирам Сайдуллаева балаларын мектепке алып бара жатыпты. Әйелдің сөзіне қарағанда, ол Абай даңғылымен көтерілген кезде, видеодағы басқа жүргізуші, оның жолын кесіп тастай бастаған. Махирам Сайдуллаева бірнеше рет әйелге ескерту жасауға тырысқанын айтады, бірақ ол оны елемей, қыр көрсетіп, жолын қайта-қайта кесе беріпті.

"Тура алдыма шығып алып, тежегішті әдейі басты. Мен оған бірнеше рет ескерту жасадым, ал оған жауап ретінде мені балағаттап, қолын шошайтып, әдепсіз қылықтар танытты. Ақыры біз тоқтап, сөйлестік. Мен одан: "Сен неге бұлай істедің" деп сұрадым. Сөйтсем бір жерде оған жол бермей қойған секілді көрініппін", - дейді Махирам.

Алматылық келіншектің айтуынша, ол жанжалдасқысы келмеген. Бірақ әлгі өзара сөзден кейін екінші көліктегі қыз оны екі мәрте соғып кете жаздаған. Сол кезде менің қаным басыма шапшып, қатты ашуландым.

"Біз қатар жүріп келе жаттық. Мен оны тоқтатып алдым. Әбден ашулы едім. Көліктен шығуын сұрадым. Ал ол болса, мені телефонға түсіре бастады. Сөйтіп одан сайын жыныма тиіп: "Қолыңнан бар келетіні осы ма" деп, одан сайын арандата түсті. Мә, ендеше дедім, өзі сұранып тұрған соң. Маған балаларды мектепке апару керек болатын, сондықтан көлігіме мініп, әрі қарай жүріп кеттім", - дейді алматылық әйел.

Оның айтуынша, ол да болған оқиғаны видеоға түсірген.

Келесі күні жанжалдасқан қос сұлу полиция бөлімінде кездеседі. Зардап шеккен автокөлік иесі онда өзімен бірге адвокат ала келіпті. Махирамның айтуынша, адвокат оны татуласуға көндіріп, ол оқиға орын алған кезде түсірілген видеоны жоюға келіскен.

"Оның адвокаты мен түсірген видеоны көрсетуді сұрады. Менде оқиғаның басынан бастап соңына дейін түсірілген, ол арада менің жолымды кесіп, арандатқаны, бәрі бар. Адвокат, егер мен видеоны жойсам, олар онда бүлінген көлікті өздері қалпына келтіретіндерін, сөйтіп бұл оқиғаны ұмытуды ұсынды. Ол қыз да өзіндегі видеоны жоюға келісті", - дейді Махирам. Алайда кейінірек олардың арасында қайта жанжал туындап, зардап шегуші қыз өз видеосын жоймағанын айтқан.

"Таңертең мен оған қоңырау шалып: "Біз бәрін бейбіт түрде шештік қой, видеоны неге жоймадың?" деп сұрадым.

"Егер, сен маған жарты сағаттың ішінде 1 миллион теңге әкелмесең, мына видео интернетке жүктеледі" деді», - дейді Махирам. Сайдуллаева өзінің кінәсін жоққа шығармайды және келтірілген залалды өтеуге дайын. Ол әлі адвокаттың көмегіне жүгінбеген. Осы жұмада жанжалдасқан әйелдер тағы бір мәрте кездесуі керек болған. Tengrinews.kz редакциясы зардап шеккен қызбен байланысқа шықты, бірақ олар қандай да бір түсінік беруден бас тартты.

Айта кетсек, 23 қазанда Facebook-тегі парақшалардың бірінде автокөлік ішінен видео түсірген қыздың түсірілімі жарияланды. Ал сыртта басқа көлік иесі одан есікті ашуды талап етіп, көліктен шығуын сұрайды. Бірақ іштегінің орнынан жылжитын түрі жоғын көрген әйел ашуға әбден мініп, күш қолдана бастайды. Есіктің айналарын сындырады, терезе сүртетін темірлерді майыстырады, көлікті тепкілейді, ақырында көліктің беткі терезесін өрт сөндіргіш құралмен ұрып шағады. Видеоның авторы полицияға қоңырау шалатынын айтып, түсірілімді тоқтатады. Әуезов аудандық полиция бөлімі бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі, яғни "Бұзақылық" бойынша тергеу ісі қолға алынғанын хабарлады.

Оқи отырыңыз: Алматыда екі шопыр қыз оңбай қырқысып қалды

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: