Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы-Өскемен жолын торуылдайтын рэкетирлер ұсталды

zahar.com.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2019 20:59 zahar.com.ru
Күдіктілер қамауға алынды, оларға қатысты осы аумақта осыған ұқсас тіркелген қылмыстарға олардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Алматы облысында Алматы-Өскемен тас жолында рейдерлікпен айналысқан қылмыстық топты құрықталды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

- 24 қазан күні Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Volvo маркалы жүк көлігінің жүргізушісі өзін тонап кеткеніне шағымданды. Жүк көлігін Алматы-Өскемен тас жолының 126 шақырымында белгісіз үш адам тонап кеткен. Қаскөйлер қолға киетін темір қарумен жүргізушіні қорқытып, әмиянын, жол сөмкесі, телефон мен 105 мың теңгесін тартып алған, - дейді полициядағылар.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуге кіріскен Кербұлақ ауданының полиция қызметкерлері күдіктілерді ізін суытпай анықтап, ауыр қылмыстың бетін ашты.

- Жолдағы көліктерді тонаушы үш адам да анықталып, қамауға алынды. Олардың бірі - 32 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны, қалған екеуі - 25 және 32 жастағы алматылықтар. Күдіктілердің екеуі бұрын қарақшылықпен, ұрлықпен ұсталып, сотталған. Сонымен қатар, күдіктілердің бірі ақпарат жеткізуші болған. Жәбірленушінің танысы бола тұра, ол жүк көлігінің бағыты туралы алдын ала білген және серіктестерін өз көлігімен жол бойына жеткізген, деп хабарлады Алматы облысының ДП.

Күдіктілер қамауға алынды, оларға қатысты осы аумақта осыған ұқсас тіркелген қылмыстарға олардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: