Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Шекара қызметінің бастығы: Шекара бұзғандар бір жылға қамалады

Википедия, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2019 21:00 Википедия
Мұндай жайт өте сирек болады. Мемлекеттік шекарамыз берік қорғалған деп сенімді түрде айта аламын - Ділманов.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов Мәжіліс дәлізінде сұқбат беріп, Қытай шекарасын заңсыз кесіп Шығыс Қазақстан облысына өткен екі азаматтың жағдайында "адами фактор" тіркелгенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол қазір шекара бұзған қос азаматтың тергеу абақтысында екенін айтты.

- Біз екі айдың ішінде ҚР заңнамасына сәйкес тергеу шараларын жүргіземіз. Алда әлі сот болады. Сот тек бір мәселені қарайды: мемлекеттік шекараны бұзбан-бұзбағандарына қатысты. Біздің оларға қатысты басқа тағар айыбымыз жоқ, тек мемлекеттік шекарадан заңсыз өткен, бұл - ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы, - деп түсіндірді Ділманов.

Ол шекара бұзғандардың босқын мәртебесін алған-алмағаны туралы өзінде ешқандай мәлімет жоқ екенін айтты.

- Ешқандай да мәртебе туралы мен білмеймін, қандай мәртебе ол? Бізді ол жағы қызықтырмайды. Қазір біз мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту туралы айтып отырмыз. Бұл - 392-бап, есімде жоқ, қамауға бір жылға алынады немесе мүмкін шартты жаза кесіледі ондайда. Бірақ мұны, әрине сот шешеді. Мұндай жайт өте сирек болады. Мемлекеттік шекарамыз берік қорғалған деп сенімді түрде айта аламын. Шамасы, бұл арада "адами фактор" орын алған, жұмысына жауапсыз қарау секілді. Біз бұл мәселені қазір зерттеп жатырмыз, оны анықтап, одан сабақ алып, қорытынды шығарамыз. Соған сәйкес, біз мемлекеттік шекараны қорғау бойынша кейбір шараларды өзгертеміз, - деп уәде берді Шекара қызметінің директоры.

Ол мемлекеттік шекараны бұзу фактісі Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан шекара отряды учаскесіне тиесілі жерде тіркелгенін еске салды.

- Шілікті бағытындағы шекара заставаларының бірінде. Шілікті бағыты дейікші. Шекараны заңсыз қиып өткен жерді Қытай азаматтары көрсетті. Біз мұның бәрін анықтадық, сол жерде табылған бізде бірнеше айғақ зат та бар. Олар бұл заттардың бұрын өздеріне тиесілі болғанын растады, сондықтан шекараны қию орны анықталды. Егер шекараны қиған жер анықталған болса, онда заңбұзушылық тіркеліп, әрине, оларға 392-бап бойынша жаза қолданылады, - деп сөзін түйіндеді Ділманов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: