Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте екі бала астан уланып, мерт болды

narkolog-na-dom.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 20:07 narkolog-na-dom.ru
Мұқият талдаудан кейін газдан улану жағдайы тіркелмегені хабарланды. Үй қаланың орталық жылу желісіне қосылған, газбен жылытылмайды екен.

Көз жұмған балалардың анасы және тағы бір бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz Otyrar.kz-ға сілтеме жасап.

- 2019 жылдың 3 қарашасында сағат 12: 23-те жедел кезекші басқару тобына таңертең сағат 10-30 шамасында үш бала мен ана инфекциялық аурулар ауруханасына келіп түскені, оларға алдын ала "Тамақ улану" диагнозы қойылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Астан уланған отбасы Еңбекші ауданындағы Алдияров көшесіндегі көпқабатты үйде тұрған.

Отағасы таңғы сағат 04:42-де осы мекен-жайға жедел жәрдем көлігін шақырғандарын, олар алдын ала тамақтан улану диагнозын қойғанын (тамақтан улану белгісі бар, отбасының барлық мүшелері құсып, іштері ауырған) және ем тағайындап кеткенін айтады. Ал таңертең жағдай, тіптен нашарлаған, сағат 09:37-де тағы да жедел жәрдем көлігі шақырылып, үш баламен анасы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

1987 жылғы әйел, 2018 жылғы ұл мен 2008 жылғы қыз бала дәрігердің нұсқауы бойынша Орталық қалалық аурухананың токсикология бөліміне жатқызылды. Екі баланы құтқару мүмкін болмады. Өлімнің себебі анықталу үстінде, соттық-медициналық сараптама тағайындалды, - деп атап өтті басылымдағылар.

Отбасының қалған мүшелерінің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Бұл фактіге қатысты оқиға орнына Төтенше жағдай департаментінің үш қызметкері болып, мұқият талдаудан кейін газдан улану жағдайы тіркелмегенін хабарлады. Үй қаланың орталық жылу желісіне қосылған, газбен жылытылмайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: