Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында үш баласымен бірге ер адам газға уланып қайтыс болды

Алматы облысы, газ, баллон, газдан улану, пропан, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2022 11:38 Сурет: pixabay
6 қазанда Алматы облысында әкесі мен үш баласы газға уланды. Баллон қолдан жасалған газбен жылытатын пешке қосылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайтыс болған ер адамның әйелі мектептердің бірінде аспаз болып жұмыс істейді. Қазанның 6-сы күні таңертең күйеуі оны жұмысына шығарып салып, ұлдарының жанына үйіне кеткен. Жұмысынан үйіне оралған әйел күйеуі мен ұлдарының жан тәсілім еткенін алғашқылардың бірі болып байқаған.

Ол бірден жедел жәрдем шақырыпты.

Оқиға орнына жедел топ, Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу сынақ өрт зертханасы, сондай-ақ жедел-тергеу тобы мен Іле аудандық ішкі істер бөлімі мен жедел жәрдем көлігі жіберілді. Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Оқиға орнына жеткенде ер адам мен оның үш ұлы (біреуі 2009 жылғы және екеуі 2014 жылғы) пропан газынан уланғаны анықталды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиғаның алдын ала себебі – газ-пропан қоспасынан улану.

Бұл отбасы Тараздан екі ай бұрын көшіп келген, үй жеке меншігінде болған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: