Жаңалықтар тізбегі
0

Микрокредит мекемесінен ақша ұрлап жатқан жас жігіт ұсталып қалды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2019 23:00 zakon.kz
Түс мезгіліндегі үзілісті пайдаланған ол шағын несие беру мекемесінің кассасынан 50 мыңнан астам теңгені жымқырып, киімдеріне жасырған.

Талғар ауданының 29 жастағы тұрғыны аудан орталығындағы сауда үйіндегі шағын несие беру мекемесіне жасырынып кіріп, ақша ұрлап жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мекеме қызметкерлері шақырусыз келген қонақты ұстап, оның қалталарынан ұрланған қаржыны алып жатқан бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Оқиға орнына шақырылған тәртіп сақшылары ресми деректі тіркеп, күдіктінің тұлғасын анықтады.

"Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Оның бұдан өзге қылмыстарға қатысы бары анықталуда", - деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алдын ала тергеу барысында күдіктінің бұған дейін де ұрлық жасап, қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Түс мезгіліндегі үзілісті пайдаланған ол шағын несие беру мекемесінің кассасынан 50 мыңнан астам теңгені жымқырып, киімдеріне жасырған.

Полиция таратқан ақпарат бойынша, биыл Алматы облысы аумағында өзгенің мүлкін ұрлаудың 5 мыңнан астам дерегі ашылып, 10 миллион 600 мың теңгеден астам материалдық шығын өндірілген. Оның ішінде, жыл басынан бері Талғар ауданында 724 ұрлыққа қатысы бар тұлғалар анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: