Алматыда қойма өртенді
6 қараша күні сағат жеті жарымға таман ТЖД күші Алмалы ауданы Қарасай батыр мен Брусиловский көшелерінің қиылысындағы өртке оранған қоймайлардың біріне жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар құрылыс заттары сақталған қойманың жанып жатқандығын анықтап, дереу сөндіруге кіріскен. Қоймаға жанында орналасқан басқа да нысандардың жақын болуынан өртті сөндіру қиынға соғыпты. Өрт орын алған қоймадан бір газ баллоны мен 20 литр жанғыш заты бар канистра шығарылған.
Өрт сөндірушілердің шұғыл жұмыстарының арқасында от қойманың жанындағы тұрғын үй мен сауда бутиктеріне ауысуын алдын алуға мүмкін болды. Тілсіз жау 20 минуттың ішінде сөндірілді.
Оқиға орнына 48 құтқарушы, 10 техника бірлігі мен 3 "Боран" полиция департаментігінің жарағы жұмылдырылған.