Жаңалықтар тізбегі
0

Киіктің 348 дана мүйізін Ресейге алып өтпек болған кісі ұсталды

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2019 17:20 ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі
Шекарашылар ірі көлемдегі киіктің мүйізін және электроникалық тауарларды алып өтпек болғандарды құрықтады.

219 жылғы 10 қарашада Орал шекара жасағының "Сырым автомобильдік" шекаралық бақылау пунктінде Орал-Самара бағыты бойынша ҚР-дан РФ-ға "Крайслер" автомашинасымен кетіп бара жатқан 1972 жылғы туған ҚР азаматы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекара наряды автокөліктің жүк салғышын тексеру барысында жасыл және көк түсті екі жол сөмкесіне салынған жалпы салмағы 120 кг жаңа кесілген 348 дана киіктің мүйізі табылды. Алдын ала болжамды бағасы 439 350 000 теңгені құрайды.

Аталған факті "Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау" бойынша ҚР ҚК 339-бабымен қарастырылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2019 17:20

Қорғас шекара жасағында "ШЫХО" шекаралық бақылау пунктінде ШЫХО-дан ҚР-ға жаяу 20 дана компютердің тюнерін алып өтпек болған 1993 жылғы туған және 148 дана ұялы телефон алып өтпек болған 1991 жылғы туған ҚР азаматтары ұсталды. "Алтынкөл" кедендік бекетінің бас маманына тапсырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: