Шекарада Қырғызстаннан Қазақстанға героин алып өтпек болған әйел ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысының Шекара қызметінің қызметкерлері Қырғызстаннан елімізге бір келіге жуық героинді алып өтпек болған әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
31мамырда шекарашылар Жамбыл облысы бойынша департаменті полиция органдарымен бірге Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған қазақстандық азаматшаны ұстады. Жеке тексеру барысында оның бойынан жалпы салмағы 700 граммға жуық "героин" есірткі заты табылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Күдікті әйел тәркіленген затымен бірге процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы Полиция департаментіне тапсырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript