Талдықорғанда әйел мылтықпен ұсталды

Мылтықпен әйел ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2022 16:51 Сурет: polisia.kz
Атыс қаруымен қаруланған әйелді полиция қызметкерлері Қаратал өзенінің жағасында ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол азық-түлік салынған полиэтилен пакетке салынған қысқа ұңғылы аңшы мылтығын алып жүрген, деп жазады Polisia.kz.

Мылтық патрондарсыз және тот басқан болып шықты. Ұсталған азаматша өз айғақтарында оны жағадан тауып алғанын және металл сынықтарға тапсыруды жоспарлағанын түсіндірді. Қазір қарудың атысқа жарамдылығын анықтау үшін қару сараптамаға жіберілді. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды, – деді Талдықорған ҚПБ.

Жетісу облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр.

Екі күн ішінде заңсыз айналымнан сегіз бірлік атыс қаруы, оның ішінде бір Макаров тапаншасы, сонымен қатар сегіз патрон тәркіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: