Шекарада Қазақстанға 275 келі зергерлік бұйымды алып өтпек болғандар тұтылды
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
19 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының "Қордай" автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстанның екі азаматының ірі көлемде зергерлік бұйымдарды кіргізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, шекаралық тексеру барысында автокөлік салонында жалпы салмағы 275 келі зергерлік бұйым салынған 8 жол сөмкесі анықталды.
Зергерлік бұйымдар одан әрі тексерістер жүргізу үшін Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық бөлімшесіне тапсырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript