Қазақстанға 500 млн теңгенің вейпін заңсыз кіргізбек болғандар тұтылды
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстандық шекарашылар ел аумағына ірі көлемде вейп өнімдерін заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 7 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады:
"29 маусымда ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаментінің "Қайрақ" автомобильдік өткізу пунктінде мемлекетіміздің аумағына ірі партияда «вейптерді» заңсыз алып кіру әрекетінің жолы кесілді. Тыйым салынған 27 624 дана көлеміндегі тауарлар жүк автокөлігінің тіркемесіндегі басқа жүктердің арасында анықталды. Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген электрондық тұтыну жүйелерінің құны 500 млн теңгені құрайды. Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды".
Айта кетсек, Қазақстанда шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды алып кіруге, өндіруге тыйым салынады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

