Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйелдің анасы тағы бір шындықтың бетін ашты

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2019 23:08 видеодан алынды
38-жастағы келіншектің мәйіті елордадан Жетісай қаласына жеткізілді. Марқұмды жерлеу рәсімі ертеңге жоспарланған.

Елордада күйеуі өртеп жіберген әйелдің жүрегі тоқтап, жан тапсырды. Мұны растаған қайғылы ана күйеу баласының қызына қиянат жасауына қызғаныш қана емес, атаулы әлеуметтік көмек алудан қағылғандығы да себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

"Денесінің 75 пайызын күйік шалған келіншек аман қалғанымен, араға бір ай салып жан тапсырды. Бұл жағдай, әсіресе, оның туыстарына ауыр тиіп отыр. Күйеуінің қорлығынан құтқармақ болып, елордаға көшірген ана бұл жағдайға араша бола алмағанын айтады. Ол күйеу баласы мұндай сұмдыққа тек қызғаныштан емес, жәрдемақы үшін де барғанын мойындағанын айтып отыр", - дейді телеарна тілшісі.

Дәмегүл ҚАШАҒАНОВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

- Ол Астанаға келген кезде. Пропискасын алды ғой. Астанаға тұрды ғой. Сол кезде оларға 21 мың теңге шықпай қалған. Соны айтып тұр ғой күйеу бала. 21 мың шықпай қалды. Мен 9 жарым айдан бері бала-шағаны жалғыз өзім қарап жатырмын. Қалай мен жұмыс істеп 6 баланы бағамын. Сол 6 балаға қарап отырмын дейді. Аналық менің жүрегімдегі айқайым, ол жазасын алсын. 20 жылдан да көп берсін. Егер сотымыз әділ болатын болса. Қызымды ақтасын!

16 жыл отасқан 6 балалы ерлі-зайыптылар Мақтарал ауданының тұрғындары. Үлкені 16 жаста болса, кішісі 4-те. Балалар қазір әкесінің туыстарының қолында. Марқұмның анасы күйеу баласы соңғы бір жылда жұмыссыз отырғанын айтады. Отбасының кірісі болмағандықтан, олар мемлекеттік жәрдемақыға күн көрген.

Айжан БЕРКІНБАЕВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Бұл отбасы бізден атаулы әлеуметтік көмек алып отырған. Жәрдемақы сәуір айынан бастап тағайындалды. Әйелі 6 баланың анасы, күйеуі екінші топтағы мүгедек, ал әжесі апасы зейнеткер болды. Осы уақытқа дейін бұл отбасы 6 айлық көмек алды. Қазан айында да барлығы толығымен төленген.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты енді "Адам өлтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Кісі өлтіру бабымен. Қылмыстық іс жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған болатын. Сол күні күдікті ұсталып, қамауға алынған. Қазіргі таңда ол қамауда. Осы баппен қаралатын санкциясы 20 жылдан бас бостандығынан айырылу мүмкін.

38-жастағы келіншектің мәйіті елордадан Жетісай қаласына жеткізілді. Марқұмды жерлеу рәсімі ертеңге жоспарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: