Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда 42 жастағы әйелді өлтіріп, өртеп жіберген туған баласы болып шықты

vladtime.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2019 15:23 vladtime.ru
21 жастағы жігіт анасын алдымен ұрып жығып, содан соң өртеп танысымен бірге ауыл шетіне апарып тастағанын полицияға айтқан.

Қарағанды облысындағы Дубовка ауылында 42 жастағы әйелді өлтіріп, артынан ауыл шетіне шығарып өртеп жіберді деген күдікпен 21 жастағы жігіт ұсталған еді. Ол азапталып өлтірілген әйелдің туған баласы болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

42 жастағы әйелдің жартылай жанған мүрдесі Дубовка ауылынан 2 шақырым қашықтағы иен даладан табылды. Оны ауыл тұрғындары байқап қалып, дереу полиция шақырған. Көп ұзамай марқұмның туған ұлы күдікке іліккен. 21 жастағы жігіт анасын алдымен ұрып жығып, содан соң өртеп танысымен бірге ауыл шетіне апарып тастағанын полицияға айтқан. Қазір күдікті қамауда. Оған қатысты "Адам өлтіру" бабымен іс қозғалды.

Жанатай СЕМБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Полицияда қылмыстық іс тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән- жайы анықталуда. Көршілері бұл отбасымен араласпаған. Айтуларынша анасы ішімдікке салынған. Ана мен бала арасындағы кикілжіңге осы себеп болғанына сенімді.

"Олар бұл іске араласқысы жоқ, сондықтан камераға сұқбат бермеді. Бірақ ішімдікке салынған анасының әрекеттері баласын шаршатқанын айтып қалды. Қазір есігі бекітулі тұрған мына үйде күдікті өзінің туған анасы және нағашы әжесімен бірге тұрған. Көршілерінің айтуынша, қазір әжей өзі жалғыз қалған. Олар күдікті жігіттің оғаш қылықтардан аулақ болғанын да айтады. Ал қайғылы оқиғаға анасының ішімдікке салынып кетуі себеп болуы мүмкін деп отыр. Дубовка ауылының әкімдігі де күдікті жігітке шан жуытпады. Ол дизайнер мамандығын бітіріп, қалада жұмыс істейтін. Кәрі нағашы әжесі мен шешесінің бар проблемасын бір өзі арқалап жүрген", - дейді телеарна тілшісі.

Ерке ОРАЗБАЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ДУБОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Бала ақылды бала, суретті жақсы салатын. Дизайнер мамандығын таңдады, ешкімге қарсы сөйлемейтін, сыпайы. Бүгін естігенде сенер-сенбесімізді білмейміз. Тұрғындардың айтуынша, кейінгі уақытта мамасы ішеді деген. Содан шарашады ма, әлде намыстанды ма, жас бала ғой.

Алайда жас жігітке жасалған жақсы мінездеме оның ауыр айыбын жуып-шая ала ма? Ал анасының денесін жасыруға көмектескен танысы да жазасыз қалмауы мүмкін. Оны тұтқындау мәселесі әлі шешілген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: