"Астана біздікі!..". Полиция видеодағы мұздай қаруланған жігіттің кім екенін анықтады

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2019 03:13 видеодан алынды
Қазіргі уақытта полиция оны ұстау үшін шаралар қабылдауда.

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі «Астана - біздікі» деп мұздай қаруланып, көлікпен қала ортасында ойқастап жүрген жігіттің видеосына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Биыл 14 қарашада әлеуметтік желіде жарияланған видеоға сәйкес, елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, ондағы жігіттің бұрын сотты болған 24 жастағы қала тұрғыны екенін анықтады, делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды.

Қазіргі уақытта полиция оны ұстау үшін шаралар қабылдауда.

Видосы мына тақырып сілтемесінде: "Астана біздікі!..". Желіде мұздай қаруланған жігіттің видеосы тарауда

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: