Алматыда есірткі сатушыны ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді
Алматыда синтетикалық есірткіні саудалайтын желінің көзі жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық іске 1986 жылы туылған, Алматы қаласының Түрксіб ауданының Ш. деген тұрғыны көшбасшылық еткен.
- Есірткі саудасымен айналысатын адамды ұстау бойынша арнайы операцияны өткізбестен бұрын, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел және арнайы тергеу шараларын өткізіп, нәтижесінде күдіктінің қылмыстық әрекеті расталды. Ұсталуға аз уақыт қалғанда сотталушы өзінің тұрақты тұтынушысына "Альфа-PVP" психотропты заты бар сіріңке қорапшасын 40 мың теңгеге сатқан. Тура осы әрекеті кезінде ол ұсталды. Арнайы операция қаланың төменгі бөлігінде Бұрындай көшесінің бойында жүргізілді.
Одан кейін күдіктінің сол тұрғылықты мекен-жайына жедел-іздестіру тобы уәкілетті тінту жүргізді. Дәліздегі от жағатын пештің ішінен ақ және сүт түстес іртіктері бар ұнтақ салынған бір топ жылтыр түйіншектері бар пакет табылды. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген психотроптық заттардың жалпы салмағы 1 келі 760 грамды құрады, деп хабарлады Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.
Оның келтірген дерегі бойынша, Ш деген азаматтың қылмысы тұтынушылармен бетпе-бет келмеуден тұрады, яғни ол есірткі және психотропты заттардың жаңа түрлерін жасырын орындарға тарату арқылы өткізіп отырған. Ал тұтынушы электронды төлем жүйесі арқылы оны сатып алатын болған. Кейін ол ақшаны екінші деңгейдегі банктерден шешіп алып отырған.
Осы факт бойынша жедел тегреу шаралар әлі де жалғасуда. Алдағы уақытта Алматы қаласына есірткі мен психотроптық заттарды жеткізу арнасы анықталып, сәйкесінше ол жойылады.
- Ал қазіргі уақытта Ш. Қамауға алынды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі және 287-бабы 2-бөлігі бойынша қылмысқа қатысты деп айып тағылды. Сондай-ақ, күдіктінің үйін тінту кезінде "Стример" маркасындағы травматикалық тапанша, қолдан жасалған дыбыс шығарғыш граната, сондай-ақ бірнеше аң аулау пышақтары табылып, тәркіленді, - деді подполковник Әбілбеков.