Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңаөзенде кафеде қайтыс болған екі оқушы жерленді

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2019 17:00 Pixabay
Мұғалімдер оның толық емес отбасынан екенін білген.

Жаңаөзенде кафеде қайтыс болған екі жасөспірімнің денесі жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға мейрамханада болған. Тойдан кейін үш даяшы отжақпада түнеп қалған. Өйткені таңертең олар келесі жиын-тойға дайындалуы керек болған, бірақ таңертеңгі сағат 10-да әріптестері олардың мәйітін тапты. Оқыс оқиға орнына бірден жедел жәрдем қызметі келді.

Дәрігерлер 13 жастағы Сұлтан мен 15 жастағы Нұржанның қайтыс болғанын растады. Ал тағы бір жасөспірім ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазір бала ес-түссіз ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, балалар көміртегі тотығымен уланған.

"Көміртегі тотығымен уланудың алдын-ала диагнозы қойылды, бүгін біз дәрігерлер тобымен клиникалық диагноз жасадық: улы көміртегі оксидінің токсикалық әсері және оған қоса улы энцефалопатия", - деді Жаңаөзен қаласының орталық ауруханасы директорының емдеу бөлімі бастығының орынбасары Раушан Жапарова.

Қазір мейрамхана жабық тұр. Сыртқы қақпада үлкен құлып ілулі. Мекеме иесі әлі ұсталған жоқ. Бірақ полиция "Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың түнде не үшін жұмыс жасағанын анықтауы тиіс. Мамандар балаларының түнгі жұмысы туралы ата-аналарының білетіндігін жоққа шығармайды.

- Олар бізге шұғыл түрде телефонмен хабарлап айтты. Түнде, анасының айтуы бойынша, олар сол жерде отжақпада түнеп қалған, - деді Жаңаөзендегі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы Колғанат Есмұрзаева.

Қайғылы оқиғадан бір апта бұрын мұғалімдер кафелер мен мейрамханаларды аралап, тексеру жүргізген. Олар ойын-сауық орындарында жұмыс жасайтын жасөспірімдерді іздепті. Ол кезде, мамандардың айтуынша, ешқандай заң бұзушылықтар анықталмаған.

- Соңғы курста оқитын студенттер еді, бізде 5 оқу орны бар, 17 жасар балалар, оларды жұмысқа алады, бірақ олар да қорқады. Негізінде, көп деп айтпас едім, бірлі-жарымды мұндай жағдай болып тұрады, - деді білім бөлімінің бастығы Ысқақ Күләтай.

Бұл 13 жастағы Сұлтан оқыған мектеп. Бұл жерде баланы соңғы рет сенбі күні түстен кейін көрген. Ұстаздары оны мейірімді және ақкөңіл бала ретінде еске алады. Жасөспірім сабақты жақсы оқыған. Мұғалімдер оның толық емес отбасынан болғанын білген. Әкесі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Бірақ Сұлтанның түнде кафеде жұмыс істеп жүргенін мұғалімдердің ешқайсысы білмеген.

- Біз есеңгіреп қалдық, ол жақсы оқитын бала еді. Інісі де бізбен бірге 4-сыныпта оқиды. Бұл отбасында үш бала бар, үлкені студент. 2003 жылы әкелері қайтыс болған, - дейді мектеп директоры Алтынгүл Рахимова.

Жергілікті шенеуніктер де бұл оқиғаға назар аударды. Маңғыстау облысының әкімі кәмелетке толмаған балаларды не үшін жұмысқа алғанын, бұл жайдың анық-қанығын білуге ​​уәде берді.

- Бұл жағдай бойынша тергеу органдары тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Бірақ әлі көп нәрсе расталмады. Олар даяшы болып жұмыс істеген дейді. Неліктен әрі күндіз – сабақ кезінде қалай даяшы болып жұмыс істегенін біз тексереміз. Кеше Жаңаөзен қаласының әкімі мен білім саласы өкілдері қайтыс болған кәмелетке толмағандардың отбасыларына барды. Егер көмек керек болса, біз өз тарапымыздан қолдау көрсетеміз, - деді облыс әкімі Серікбай Тұрымов.

Жасөспірімдер жер қойнына тапсырылды. Полиция қайғылы жайттың мән-жайын тергеуде. Дәмхана иесіне қандай жаза қолданылатыны, әзірге белгісіз. "Балаларды жұмысқа тартқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылмаған", - деді Еңбек департаментіндегілер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: