Шымкентте оқушы сабаққа тапанша алып келген
![elitar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2019 15:37](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-c2346825-a212-4c6e-a6f0-603d93b244a1/800x452.webp)
Жасөспірім қаруды сыныптасынан алғанын, тапаншаны мектепке оны қайтару үшін алып келгенін айтты.
Шымкентте "Жасөспірім" рейдтік іс-шарасы кезінде 9-сынып оқушысының сөмкесінен травматикалық тапанша табылды, деп хабарлайды zakon.kz elitar.kz порталына сілтеме жасап.
"25-30 қараша аралығында "Жасөспірім" рейдтік іс-шара өткізіледі. Іс-шараның мақсаты - кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу болып табылады. 25 қараша күні рейд барысында мектеп аумағын тексеру кезінде оқушының сөмкесінен қару табылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде",- әл-Фараби ПБ ювеналды полиция бастығының міндетін атқарушы Батырхан Әлиев.
Мектеп оқушысы полиция бөлімшесіне жеткізіліп, баланың ата-анасы шақырылды. Жасөспірім қаруды сыныптасынан алғанын, тапаншаны мектепке оны қайтару үшін алып келгенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript