"Төбені тесіп жіберді". "Жын шығарамын" деп әпкесін өлтірген жігіт сот залында қылық көрсетті

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2019 17:06 видеодан алынды
Абдырап қалған сот орындаушылары қашқынды ұстауға тура ұмтылды, бірақ залдағы камерадан тайсақтаған олар сотталушыға күш қолдана алмай, әбден әбігерге түсті.

Сектаның салт-жоралғысы кезінде әпкесін аяусыз өлтірген мәскеулік Леонид Грейкер тура сот залынан қашып кете жаздады. Щербинск сотында ол полиция қызметкерлерінің көзін бақырайтып қойып, төбе арқылы қашуға тырысты, деп хабарлайды Life.ru.

Видеода көрініп тұрғандай, сотталушы отыратын қоршау ішінде жас жігіт қолын жоғарыға көтеріп, тартылып, пластик төбені сындырып, шатыр арқылы қашпақшы болады. Абдырап қалған сот орындаушылары қашқынды ұстауға тура ұмтылды, бірақ камерадан тайсақтаған олар сотталушыға күш қолдана алмай, әбден әбігерге түсті. Жігіттің шалбары шешіліп, сытылып кетпек болғанда оған ақыры ток ұрғыш пайдаланылды. Сол кезде ол бірден сабасына түсті.

Жақында Мәскеуде 18 жасар жігіт 21 жастағы әпкесінен "жын шығаруға" тырысып, оны аяусыз өлтіріп тастаған. Тексеру кезінде оның пәтерінен есірткі табылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: