Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанай облысында өрт кезінде төрт адам мерт болды, оның екеуі - бала

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2019 15:20 pxhere.com
1986 жылғы ер адам мен 1997 жылғы қыз күйік шалып, ауруханаға түсті. Бірінің денесінің 45 процентін, тағы бірінікін 40 процент күйік шалған.

Торғай ауылында 15 желтоқсанда отбасы кешкі асқа отырғанда өрт басталған. Үйде он адам болған: бесеуі ересек және бес бала. Қызыл жалын 20 минут ішінде үйді ортасына түсіріп, шатырды қиратқан, деп хабарлайды zakon.kz qostanai.media-ға сілтеме жасап.

Өрттің неден шыққанын қазір Қостанай облытық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары анықтап жатыр. Оқиға орнынан бүлінген газ баллоны табылды.

1986 жылғы ер адам мен 1997 жылғы қыз күйік шалып, ауруханаға түсті. Бірінің денесінің 45 процентін, тағы бірінікін 40 процент күйік шалған.

2009, 2011 және 2014 жылғы балалар да ІІ-дәрежелі күйікпен Арқалық қаласының ауруханасында жатыр.

Өрт болған жерден 1938 және 1985 жылғы екі әйелдің өлі денесі табылды. Сондай-ақ әлі бір жасқа толмаған екі нәресте көз жұмды. Біреуі - ұл, біреуі - қыз бала.

Отбасының бір мүшесі өрт болған кезде жұмыста болған. Ер адам қайғылы жағдайды кейін білді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: