Алматы облысында жертөледе жарылыс болды

tumix.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2018 23:47 tumix.ru
Жандосов ауылында 1-4 дәрежелі күйік шалған төрт адам ауруханаға жатқызылды.

Алматы облысында газ-ауа қоспасының жарылуынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жексенбі күні Қарасай ауданына қарасты Жандосов ауылында жеке үйдің жертөлесінде 27 литрлік баллон жарылды.
1-4 дәрежелі күйік шалған төрт адам ауруханаға жатқызылды. Үй өртенген жоқ.

"Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері мен бір техника жіберілді", — деп атап өтті ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар зақым келген және пайдалану мерзімі өтіп кеткен баллондар тұрғын үйлердегі өрт пен төтенше жағдайларға әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: