Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақтың 40 жастағы миллионерінің ақшасын 1993 жылғы Қытай қызы ұрлады

press_dvdt, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2019 15:30 press_dvdt
Көлік полицейлері ірі көлемде ұрлық жасаған ҚХР азаматшасын "ізін суытпай" ұстады.

Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы Желілік полиция бөліміне Қазақстан Республикасының 40 жастағы азаматшасы арызданып келді. Ол "Эйр Астана" АҚ әуекомпаниясының "Пекин-Нұр-Сұлтан" бағытындағы әуе кемесінің ұшуы кезінде 4500 АҚШ доллары (1 744 290 теңгеге тең) ақшасының жоғалғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында көлік полицейлері "ізін суытпай" 1993 жылы туған Қытай Халық Республикасының азаматшасын анықтап, ұстады.

Жеке заттарын тексеру барысында күдіктінің сөмкесінен 1 744 290 теңге көлемінде ұрланған ақша табылып, тәркіленді.

ҚХР азаматшасы кінәсін толық мойындады. Ұрланған қаражат жәбірленушіге толық көлемде қайтарылды.

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотының үкімімен ҚХР азаматшасы ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігінің 3-тармағында (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне бес жыл мерзімге тыйым салу белгілене отырып, шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: