Мемлекеттік кіріс басқармасының экс-қызметкері жемқорлық үшін сотталды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2019 18:39 Хабар 24
Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан да айырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін Шымкенттің Қаратау ауданындағы Мемлекеттік кіріс басқармасының жетекші маманы Ш. Пернеевке байланысты "сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады" деген күдікпен қолға алынған сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ол алаяқтық жолмен ЖШС басшысына тиесілі 5 миллион теңге тұратын Toyota Land Cruiser 100 автокөлігін иемденген. Оның орнына ЖШС банкроттығын растау процедурасында қолдау көрсетуге уәде еткен", - делінген хабарламада.

23 желтоқсанда Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен Ш.Пернеевке 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: