Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы алаяқтығы үшін сотталды
zakon.kz
Ол мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды, сол секілді әскери майор атағы алынып қойылды.
Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін қозғалған Тұрар Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор К.Мыңбаевқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Ол азаматтардың сеніміне кіріп, әскери тіркеуде тұрғаны туралы анықтама және әскери билет алып беремін деп алаяқтық жолмен ақша иемденді деп күдікке ілінді", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
20 желтоқсанда Шымкент гарнизоны әскери сотының үкімімен Мыңбаев алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 350 мың теңге айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды, сол секілді әскери майор атағы алынып қойылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript