Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да спорт саласының шенділері сотталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2021 22:19 zakon.kz
Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылады.

Шығыс Қазақстан облысында спорт саласының шенеуніктері сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Спорт және дене шынықтыру істері комитеті басқармасының экс-басшысы X-ны көлемі көлемде пара алғаны үшін (366-бап, 2-бөлігі). ,Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары О-ны қызметтік өкілеттігін асыра сілтеп, ауыр салдарға әкеліп соқтырғаны үшін (361-бап, 4-бөлігі, 3-тармағы), ЖШС-нің бұрынғы басшысы Б-ны алаяқтық үшін (ҚК 190 -бабы, 4-бөлігі, 2 -тармағы) соттады, - деп хабарлады ШҚО бойынша ҚМААС баспасөз қызметі.

Комитет төрағасының экс-орынбасары О. мен ЖШС-нің бұрынғы басшысы алдын ала келісім бойынша Риддер қаласындағы Олимпиадалық резерв колледжі - Республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының 300 орындық оқу корпусы құрылысына бөлінген ақшадан орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы жалпы сомасы 354 112 947 теңгені құрайтын бюджет қаражатын ұрлады.

Сонымен қатар, комитет басқармасының экс-басшысы Х. 2018 жылдың мамыр айынан желтоқсан айына дейінгі аралықта ЖШС-нің бұрынғы басшысы Б-дан 35 013 881 теңге және құны 13 000 000 теңге болатын мүлікті (автокөлік) пара ретінде алды деп айыпталды.

Сондай-ақ, ЖШС-нің экс-басшысы бола тұра, Б. алдау мен қиянат жасау арқылы 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта объектілер құрылысына бөлінген 172 323 635 теңге сомасындағы бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталады: атап айтқанда, Аягөз ет комбинаты аймағындағы су қабылдайтын қондырғылар мен сумен жабдықтау желілері, Қопа ауылындағы су қабылдайтын қондырғылар мен сумен жабдықтау желілері мен Ай ауылындағы су қабылдайтын құрылыстар мен сумен жабдықтау желілеріне бөлінген қаражатты.

Сот комитет басқармасының экс-басшысын 5 жылға, Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының экс-орынбасары 3 жылға, ЖШС басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады құзырлы ведомства.

Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: