"ШҚО туристік ақпараттық орталығы" КММ басшысы сотталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2020 18:31 zakon.kz
Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен "ШҚО туристік ақпараттық орталығы" КММ басшысы С.Рамазанов пен аталған орталықтың бас есепшісі Г.Ислямоваға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Олар жанар-жағармай талондарын есептен шығару және азаматтарды жұмысқа орналастыру жолы арқылы ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

Ағымағы жылдың 10 қаңтарында Өскемен қалалық № 2 сотының үкімімен аталған тұлғалар ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға:

С.Рамазановқа – 2 жыл бас бостандығынан айыру түрінде;

Г.Ислямоваға – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: