Алматыда танымал қоғам белсендісі қамауға алынды
facebook.com
Ислам өзінің кінәсін толықтай мойындап, бұл қылығы орынсыз екенін айтады.
Алматыда қоғамдық қауіпсіздік кеңесінің волонтері Ислам Угушев бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.
Мұны соттан Facebook-тегі парақшасында он-лайн режимде Исламның өзі айтты. Ол өзінің қамауға алынуына эмоцияға бой алдырып, қызды итеріп, оны балағаттаған қандай да бір кикілжіңнің себеп болғанын да жеткізді.
Ислам өзінің кінәсін толықтай мойындап, бұл қылығы орынсыз екенін, бірақ сол сәтте өз жанұясы мен достарын осылай қорғауға мәжбүр болғанын түсіндіреді.
- Марков көшесіндегі сотта жүрмін. Менің сот ісім аяқталды. Судья үкім шығарды: бес тәулікке қамауға алынсын деді. Олар мені Рысқұлов-Белинскийге апаратын секілді. Бұл әркім өз іс-әрекеті үшін жауап береді дегенге жақсы мысал бола алады. Мен адвокат жалдамадым, ешнәрсе дәлелдемедім.
Судья Ислам Угушевті ұсақ бұзақылығы үшін бес тәулікке қамауға бұйырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript