Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жиһаздар қоймасы отқа оранып, алапат өрт болды

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2019 15:56 Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Жоғары деңгейдегі дабыл белгісі іске қосылды.

Алматыда жиһаздар қоймасы отқа оранып, алапат өрт болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаланың ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 желтоқсанда сағат 03.44 шамасында "101" шұғыл байланыс желісіне өрт болып жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Алматыдағы өрт сөндіруге арналған бүкіл күш пен техника Жетісу ауданы, Рысқұлов даңғылы, №92 үйге бет алды. Жоғары деңгейдегі дабыл белгісі іске қосылды.

- Өрт сөндірушілер оқиға орнына алты минут ішінде келіп жетті. Олар келгенде жиһаз шеберханасы мен қойма отқа оранып, қызыл жалын көршілес қоймаларға ауысу қаупі туындаған. Өрт сөндірушілерге күзетшілер өрт сөндіргіштердің орналасқан жерін көрсетіп, ғимарат ішінде ешкім болмағанын жеткізген.

Өртті сөндіру үшін жедел штаб құрылып, екі жауынгерлік топ жасақталды. Бірінші топ екі өрт сөндіру көлігі және 6 өрт сөндіргіш құрылғымен жасақталып, оқиға орнын барлау жұмыстарына кірісті: олар негізінен, өрт ішінде жарылатын қауіпті заттарды анықтауға бағытталды. Одан бөлек 30 текше метрлік жылжымалы гарнизондық өрт сөндіру техникасы да тартылды. Қабылданған жедел шаралар өрттің жиһаз шеберханасының жанындағы басқа қоймаларға ойыспай, ауыздақталды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

1 сағат 20 минут ішінде өрттің көзі жойылды.

Өрттің ауданы 450 шаршы метрді құрады. 1 мың шаршы метрден астам жерді қорғауға мүмкіндік болды. Қаза тауып, зардап шеккендер жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: