Алматының Жетісу ауданында автоцистерна отқа оранып, алапат өрт болды
Сурет: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Ангарская көшесі 97а мекенжайында орналасқан қоймада жанар-жағармай толы автоцистерна өртеніп жатыр. ТЖД өртке күрделіліктің жоғары дәрежесін берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 20:10-да келді.
Жақын орналасқан цистерналар мен резервуарларға оттың тию қаупі бар.
Жарылыс болуы да мүмкін, жеке құрам жылу қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмысқа кірісті.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды, жанып жатқан және көрші резервуарларды салқындатуға өрт оқпандары берілді. Жеке құрамнан 80 адам және 28 техника жұмылдырылды. Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 21:20-да ауыздықталды.
Өрт аумағы нақтылану үстінде. Жедел іс-қимылдар жарылыс қаупін жоюға және резервуарлардың тұтануына жол бермеуге бағытталған.
Сурет: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript