Екібастұзда монша кешені отқа оранып, алапат өрт болды

Өрт, Екібастұз, монша кешені, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 18:47 Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
19 қазанда сағат 02:57-де шұғыл байланыс желісіне Екібастұз қаласында монша кешені отқа оранғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына 5 бірлік техника мен жеке құрамнан 20 адам аттанды. 

"Бір қабатты кірпіштен жасалған "Оазис" монша кешенінде шатырдың ағаш конструкциялары, 1-ші және 2-ші қанатындағы бу бөлмесі мен демалыс бөлмелерінде, сондай-ақ жалпы ауданы 297 шаршы метрді құрайтын ішкі қаптамалар мен жиһаздар отқа оранғаны белгілі болды", - дейді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер өртті сағат 04:02-де ауыздықтап, 04:42-де толығымен сөндірді.

Бұған дейін Қарағандыда әйел адам тірідей өртеніп кеткені хабарланған болатын.

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: