Алматы облысында монша өртенді

Өрт, Алматы облысы, Жапек ауылы, монша кешені, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2024 09:19 Сурет: Zakon.kz
23 қарашада таңертең Алматы облысы Іле ауданындағы Жапек ауылында монша кешені отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт туралы кезекшінің жедел байланыс желісіне қоңырау келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер моншаның екінші қабатындағы бу бөлмесі мен төбенің жанып жатқанын анықтады.

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт жылдам сөндірілді. Қызыл жалын тараған аудан көлемі - 45 шаршы метр.

Зардап шеккендер жоқ. 

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: