Алматыда JAC маркалы көлік өртенді
Сурет: Алматы қалалық ПД
2026 жылғы 1 қазанда таңертең Алматыда Құлжа тас жолында жеңіл көлік отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі хабарлағандай, шамамен таңғы сағат 8:10-да JAC маркалы автокөлік қозғалыс кезінде кенеттен отқа оранған.
"Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетті. Өрт тез арада сөндірілді. Ал полицейлер өз кезегінде жолдағы басқа көліктерді қауіпсіз қашықтыққа бұрып, аталған учаскедегі қауіпсіздікті қамтамасыз етті", деп хабарлады полициядан.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
"1 қазанда Түрксіб ауданының өрт сөндіру бөлімшелері санаулы минуттар ішінде JAC маркалы автокөліктің қозғалтқыш бөлігі мен салонының 3 шаршы метр аумағын жалмап үлгерген жалынды сөндірді", деп нақтылады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына тоқ сымдарындағы қысқа тұйықталу жағдайы себеп болуы мүмкін. Түпкілікті себебі мамандардың тексеру нәтижелері бойынша анықталады.
Бұған дейін Алматыда аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығында өрт болғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript