Алматыда жасөспірім бала 62 жастағы кісіні ұрып өлтірді

Город 32, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2020 17:55 Город 32
Оның не себепті кісі өлтіргенін полиция анықтайды.

Алматыда 15 жастағы жасөспірім 62 жастағы ер адамды бейсбол таяғына ұқсас битамен ұрып, алған соққыдан қарт кісі жан тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz Astana телеарнасына сілтеме жасап.

Үйінен дүкенге шыққан кісінің алдын қара джип кес-кестейді. Көліктен түскен бала қарт кісіні битасымен бастан ұрған.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем бригадасы ер адамды құтқара алмады, ол бірнеше минуттан кейін көз жұмды. Жасөспірім қашып кетті.

Күдікті келесі күні ұсталды. 15 жастағы Алматы тұрғыны екен. Қазір ол қамауда, оның не себепті кісі өлтіргенін полиция анықтайды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: