Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жалаң-аяқ көшеде жүрген жасөспірімді тексерген тәртіп сақшылары жағасын ұстады

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2021 18:49 Pixabay
Полиция бөлімде ол дөйдала сөйлеп, шешесін өлтіргенін айтқан. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің сөзін тексеру үшін оның үйіне барды.

Кеше таңғы сағат 5-тер шамасында Алматының Алмалы ауданында көшеде, қақаған қыста жалаң-аяқ, жалаң бас жүрген жасөспірім көзге ілікті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жеткіншекті байқаған сол көше тұрғындары полиция шақырған. Полиция бөлімде ол дөйдала сөйлеп, шешесін өлтіргенін айтқан. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің сөзін тексеру үшін оның үйіне барды. Пәтердегі жайт куәгерлерді есеңгіретіп тастады.

Қылмыс жасады деген күдікпен кәмелетке толмаған 2005 жылғы К. ұсталды. Бозбала жанжал кезінде анасына бірнеше мәрте пышақ сілтегені анықталды. Әйел оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта психологтардың көмегімен кәмелетке толмаған бозбалаға қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, балада психикалық ауытқушылықтың айқын белгілері бар, - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жасөспірімді қылмыс жасауға итермелеген нақты себептер туралы мәлімет берілмеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: