Алматыда тәртіп сақшылары көшеде қансырап жатқан ер адамды құтқарды

Полиция, Алматы, көше, пышақ, кірпіш, ер адам , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2026 18:39 Сурет: unsplash
Алматыда тәртіп сақшылары көшеде қансырап жатқан ер адамды құтқарды. Бір қолында пышақ, бір қолында кірпіш болған оны сол маңнан жолай өтіп бара жатқан адамдар көріп, полицияға хабар берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таң алдында Алматы полициясының Жедел басқару орталығына суық хабар келіп түсті. Сол маңнан өтіп бара жатқан азаматтар Алатау ауданындағы "Шаңырақ-2" ықшам ауданында үсті-басы қанға боялған ер адамның жүргенін хабарлаған. Оның бір қолында пышақ, екінші қолында кірпіш болған.

Патрульдік полиция экипажы оқиға орнына санаулы минут ішінде жетті. Ақпарат расталды: ер адам ауыр жарақат алып, көп қан жоғалтқан. Дәрігерлер келгенге дейін полицейлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қан кетуін тоқтатты. Кейін зардап шегуші жедел жәрдем бригадасына тапсырылып, полиция қызметкерлерінің жәрдемімен ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мас күйде болған. Оның айтуынша, туған күнін атап өту кезінде дастарқан басында жанжал туындап, оның арты төбелеске ұласып, соның салдарынан жарақат алған.

Қазір Алатау аудандық полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын және жанжалға қатысушыларды анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: