Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылжарда көшеде резеңке матраспен сырғанаған жігіттер жазаланды

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2020 22:21 видеодан алынды
Аяз Атаның киіміндегі жігіттер осылайша елдің көңілін көтеріп, желіде танымал болуды жөн көрген.

7 қаңтарда Қызылжарда көлікке тіркелген резеңке матрасқа мініп, қаланың орталық көшелерімен сырғанап, жан-жағына түрлі-түсті бояу шашып, елдің назарын өздеріне бұрған Аяз Атаның киіміндегі жігіттер ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

"Матраспен жарысқан пысықайларды полиция көп ұзамай анықтап, бірнеше бап бойынша әкімшілік жазаға тартты. Қаланың 19 және 20 жастағы тұрғындарының ешқайда жұмыс істемей, ерігіп жүргені белгілі болды. Артынша бұзақылар өз кінәсін түсініп, халықтан ресми түрде кешіріп сұрады. Өткен аптада ғана дәл осылай қызық жасаймын деген жігіт қайғылы жағдайға ұшырады. Шығыс Қазақстанда көлікке баллон байлап, онымен тас жолда сырғанаған жігіт қарсы келе жатқан көліктің астына түсіп, мерт болған еді", - дейді телеарна тілшісі.

Шәмшіден АҚЫШОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Тайота машинасының иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. 593 баптың екінші бөлімі бойынша бес есептік көрсеткішке айыппұл салынды. Және де үш адам жаңағы матрацпен жүрген 434 бабы бойынша хаттама толтырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: