Мектеп ішіндегі дәретхана атыраулықтардың ашуын туғызды

mgorod.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2020 18:00 mgorod.kz
Дәретхана бәріне бірдей ортақ.

Мектеп ішіндегі дәретхана елдің ашуын туғызды, деп хабарлайды zakon.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

- Міне, осы мектепте балаларым оқиды. Жиналысқа келген едім, соңғы жағдайларға байланысты мектеп ішіндегі дәретханаға бас сұқтым. Бұл арада, міне, мынандай көрініске тап болдым, унитаздар ортақ бөлмеде, бір-бірінен оқшауланбаған. Этиканы айтпағанның өзінде мұның өзі ыңғайсыз ғой, - дейді қала тұрғыны Николай.

Қала әкімдігі жағдайға түсінік беріп, мұндай келеңсіз жайт жақын арада жойылатынын хабарлады.

- Кейбір мектептерде мұндай фактілер бар. Бұл - ескі жоба, ол кезде дәрет орындары бір-бірінен оқшауланбайтын. Биыл ондайдың көзі жойылады, - деді қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: